ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
Алматы облысында орналасқан Қазақстан футбол федерациясының футбол академиясына ресми түрде FIFA мәртебесі берілді.
Әлем бойынша FIFA-ның мұндай 30-дан аса академиясы жұмыс істеп тұр. Енді олардың қатарына Қазақстан футбол академиясы да қосылды. Қазір Талғар қаласындағы орталықта 50-ге жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Жасөспірімдерді халықаралық стандарттар мен әдістемелерге сай даярлау басты міндетіміз, - дейді мамандар. Әр талантты ойыншыға әлеуметтік жағдайына қарамастан өз әлеуетін жүзеге асыруға, кәсіби түрде көбірек футбол ойнауға мүмкіндік беріледі. Салтанатты жиынға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория, техникалық директор Геннадий Скуртул және отандық футбол ардагерлері қатысты. Ал FIFA атынан жаһандық даму жөніндегі директоры Стивен Мартинс және FIFA аңызы, әлем және Еуропа чемпионы Кристиан Карамбе сынды қонақтар бой көрсетті.
Давид Лория, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы:
Расында бұл ел футболы үшін елеулі күн. Енді біз әлем бойынша ресми түрде FIFA академиясы мәртебесін алған 9-шы ел атанып отырмыз. Ендігі басты мақсат – осы жас футболшыларды Еуропа және әлемдік деңгейінде ойнайтын дережеге жеткізу. Осындай қадамдар Қазақстан футболын алға жетелейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
