1826 жылдың күзінде Жәңгір хан Қазан қаласына барған сапарында Қазан университетінің ректоры Карл Фукспен кездесіп, қазақ балаларының да білім-ғылымға қол жеткізгісі келетінін айтады. Бөкей ордасында әлі де бірде-бір мектеп ашылмаған тұста Карл Фукс Жәңгір ханның бастамасына риза болыпты.
«1845 жылы Қазан университетінің кеңесі Жәңгір ханға «Император университетінің құрметті мүшесі» деген атақ берген. Жәңгір хан университетке бірнеше рет келіп, оқу ордасының жетекшілерімен танысып, мұнда Парсының кітаптарын тапсырған. Жоғарыда аталған атақты да сол үшін берген»,-дейді Татарстан халық Ассамблеясы кеңесі төрағасының орынбасары Сағит Көдебайұлы.
XIХ ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Қазан императорлық университетінде 90-ға тарта қазақ баласы білім алған. Олардың ішінде Баянжан Мәрсеков, Сейтқали Меңдешев, Пәңгерей Ақсартов және Әліби Жангелдиндер бар. Қазақ азаматтарының көбі 1917 жылға дейін осында оқыды.
Жәңгір ханның Қазан уинверситетімен тығыз байланыс жасап отырған еңбегіне орай оқу орнының кіреберісіне Жәңгір ханға арналған мүсінтақта орнатылған.
Арада екі ғасыр өтсе де, байланыс үзілмеген емес. Қазан қаласында білім алып жатқан бүгінгі қазақ жастарының тыныс-тіршілігі туралы «Таңшолпаннан» біле аласыздар.