Басты Жаңалықтар Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды

Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды

Мемлекет басшысы Ақорда сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін қарсы алды. Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, құрмет қарауылы сап түзеді. Бұдан соң екі елдің әнұраны орындалды. Бүгін президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді деп жоспарланған.


Бөлісу