Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді

Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді

Маңғыстауда «Құрық – Жетібай» және «Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» автожолдарының құрылысы жүріп жатыр.

Аталған жобалардың сапалы әрі кестеге сай жүргізілуін бұдан былай мемлекеттік құзырлы органдар бақылайды. Осы орайда сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері Ақтауда жол зертханасында болып, жол құрылыс материалының талапқа сәйкестігін тексеру тәсілдерімен танысты. Биыл облыс аумағында 50-ден астам жолға бақылау жүргізілген. Мың жарымдай сынаманың 29 пайызы талапқа сай болмай шықты.

Дәурен Өтепқали, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

Кернді алғаннан бастап қорытындысы шыққанға дейінгі аралықта процесс қалай жүреді. Соны біз қарап таныстық. Себебі бұл мекемемен алдағы уақытта біз тығыз жұмыс жасайтын боламыз.

Адайбек Қалиев, Ұлттық сапа орталығының өкілі:

Мердігер мекемелер, техникалық қадағалаушы мекемелердің өкілдері кейде болуы мүмкін обьектілерде, кейде келмеуі де мүмкін. Сондай жағдайлардың барлығында тиісті шарасын алу үшін жергілікті әкімдікпен бірлесе жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Мақсатымыз – мердігерлердің де, техникалық қадағалаушылардың да жауапкершілігін арттыру.


Бөлісу