Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
Жамбылдық ақсақал ауласын цитрус бағына айналдырған. Ақыртөбе ауылының 70 жастағы тұрғыны есік алдынан жасанды бақ жасап, анар, апельсин, лимон ағашын өсіріп отыр.
Сондай-ақ тұт тұқымдасына жататын субтропиктік інжірді де жерсіндірген. Әбдімүтәл Халматов 7 жыл бұрын зейнетке шығып, бақша дақылдарын өсіре бастаған. Кейін 4 лимон ағашын қара топыраққа отырғызып көреді. Сынағы сәтті өткен соң цитрус санын 12-ге жеткізіп, 750 келі өнім алған. Ал биыл 43 түптен 2 тонна лимон жинамақ.
Әбдімүтәл Халматов, шаруа:
Мен көбіне интернеттен қарап алдым оны. Ерінбей түнде қараймын, күндіз қараймын. Содан үйреніп, содан істеген тіршілігім ғой. А так бізге ол жаңалық қой. Бізде болған емес. Содан өзім де ынталандым, жас кезден жерге жақынбыз ғой.
Ал 4 түп анар ағашы 20 келі жеміс берген. Жыл соңына қарай банан мен апельсиннен өнім алмақ. Оларды күтіп-баптайтын бірнеше қызметкері де бар. Бау-бақша бабын тапқан ақсақал мал шаруашылығымен де айналысады. Қожалығында 70 жылқы мен елуге жуық қоян бар.
Махбуба Әбідмәлікова, жұмысшы:
Зейнеткермін, жасым үлкен деп айтпайды. Кіріп кетеді де, соның ішінен шықпайды. Бірін алады, бірін соғады. Бір балаға қараған сияқты қарайды. Біз үйреніп қараймыз да оған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
