Басты Жаңалықтар Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады

Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады

Республика күні мерекесіне орай жылы лебізін білдіріп жатқан шетелдіктер де аз емес. Бауырлас әрі көрші ел Өзбекстандағы зиялы қауым өкілдері осынау ел тарихындағы маңызды датамен барша қазақстандықтарды құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

Нодирбек Расулов, Экономика ғылымдарының докторы, профессор:

Бауырлас екі ел арасындағы саяси- экономикалық, мәдени -әлеуметтік қарым- қатынастың нығая беруіне әрдайым тілектеспін. Қаншама ғасырлар бойы тату көршіміз, осы достығымызға сызат түспесін. Қазақ халқын, Қазақстан елінде жасап жатқан әрбір азаматты егемендік декларациясы қабылданған күнмен құттықтаймын. Тәуелсіздік баянды болсын дегім келеді.
 

 

Бөлісу