Астанада «Turkvizyon-2014» халықаралық байқауының ұлттық финалы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада «Turkvizyon-2014» халықаралық байқауының ұлттық финалы өтеді

Астанада «Turkvizyon-2014» халықаралық байқауының ұлттық финалы өтеді

Бейне қолжетімді емес

26 қазан күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Turkvizyon-2014» халықаралық байқауының ұлттық финалы өтеді. Нәтижесінде халық 19-21 қараша аралығында Қазан қаласында өтетін «Turkvizyon-2014» байқауының гранд-финалында  Қазақ елі атынан шығатын өнерпазды анықтайды.

15 қазан күні Алматыда өткен конкурстың қазақстандық жартылай финал кезінде қазылар алқасы 16 әншіні таңдады. «Turkvizyon» байқауының талабы бойынша сайыста бұрын-соңды еш жерде орындалмаған әндер айтылуы шарт.

Қазақстандық «Turkvizyon-2014» байқауының шешуші сынына төмендегі әншілер қатысады:

Ақбикеш

Абдулкарим Каримов

Бейбіт Қошқалиев

 «Алашұлы» тобы

 «Алшы» тобы

 «Voice KZ» тобы

Дастан Оразбеков

Диас Аблаев

Ербол Шәріпов

Жанар Дұғалова

Мархаба Сәбиева

Нұрболат Абдуллин

Нұржан Керменбаев

Серік Ибрагимов

Sanda

Luina

Бөлісу