Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас үш қаланың қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас үш қаланың қатарына кірді

04.09.2025

Қарағанды әлемдегі ауасы лас қалалардың үштігіне енді. Швейцарияның IQ.AIR компаниясының мәліметінше, шаһарда былтыр PM2.5 концентрациясы 1 текше метрге 104,8 микрграмды құраған. Осылайша кеншілер қаласы Үндістанның Бирнихат пен Дели қалаларынан кейін үшінші орында. Одан бөлек Бурабай қаласы 41, Теміртау 216 орында. Жалпы еліміз ауа сапасы нашар 138 ел арасында 71-орынға жайғасқан. Экологтардың айтуынша, бұл таңқаларлық нәрсе емес. Себебі, елімізде қарапайым тұрғындар қолданатын көмір сапасы бақылауға алынбаған. Сол себепті жеке сектор тұрғындары қыс бойы сапасыз көмір жағып, одан ауа ластанады дейді.

Дмитрий Калмыков, эколог:

Қарағанды жыл сайын көш басында жүреді. Себебі ауыр өнеркәсіптің бәрі көмір арқылы жұмыс істейді. Одан қалса үй пештерін қолданатын тұрғындар жетерлік. Жел болмаса болды қаламыз қара түтіннің астында қалады. PM2.5 дегеніміз жанбайтын көмір қалдығы. Ол ауада қалқып жүреді. Қыс бойы сонымен тыныстаймыз.

Экологиялық ахуал тұрғындарды алаңдатады

Қарағанды қаласындағы экологиялық ахуалды жергілікті тұрғындардың өздері қалай бағалайды? Пікірлерін сұрап көрген едік, құлақ түрсек.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу