Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан

04.09.2025

Соңғы 7 айда еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан. Өсім, әсіресе тау-кен және өңдеу салаларынан байқалады. Атқарылған жұмыстар Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмалар аясында жүзеге асуда. Оның басты мақсаты – қуатты әрі әртараптандырылған экономика құру. Сондай-ақ Президент машина жасау кластерін дамыту үшін локализация деңгейін арттыруды тапсырды. Бүгінде автокөлік 18,6 пайыз, электр жабдықтарының өндірісі 18,4 процентке өскен. Жыл басынан бері металлургия саласы 1,3, ал химия өнеркәсібі 6 пайызға ұлғайған. Одан бөлек энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Олжас Сапарбеков, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

Отандық тауар өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылуда. Сатып алудың ашықтығы мен тиімді мониторингін қамтамасыз ететін сатып алу жүйесі іске қосылады. 2029 жылға дейінгі кезеңде тауарларға сұраныс әлеуеті 2 трлн теңгеден асады деп болжануда.

Нұрдәулет Сыздық


Хабарламаларға жазылу