Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті

Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті

Иерусалимде израильдіктер «Хамас» тобының кепіліндегі азаматтарды босатуды, Газадағы соғысты тоқтатуды талап етіп, шеруге шықты. Демонстранттар Парламент ғимаратына дейін барған. Осы арқылы олар дауыстарын үкіметке естіртуге үміттенген. Бейбіт басталған шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Ал премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі демонстранттарды шектен шықты деп айыптаған. «Рейтердің» дерегіне сай, Газада 48 израильдік кепілде отыр. Олардың 20-сы ғана тірі болуы мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Бөлісу