Бүгін Астанада «Электронды үкімет» бойынша жаһандық форум басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада «Электронды үкімет» бойынша жаһандық форум басталады

07.10.2014
Бүгін Астанада «Электронды үкімет» бойынша жаһандық форум басталады

7-8 қазан күндері Астана қаласында «Электронды үкімет» бойынша жаһандық форум өткізіледі. Шараға БҰҰ-ның Бас хатшысының орынбасары У Хунбо және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, сондай-ақ 50-ден астам мемлекеттің мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар мен АКТ саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар қатысады.

Форум «Тұрақты даму мақсатындағы ақылды басқару: желілік қоғамдағы әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналған. Форумның мақсаты – сарапшылар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен тәжірибе алмасу.

Сонымен қатар, ақпаратты қоғамды дамытудың, осы үрдіске «электронды үкіметтің» ықпалының әлемдік беталыстарының мәселелерін талқылау мүмкіндігін беретін интерактивті алаң құру.

Форум барысында «электронды үкіметті» дамыту және мемлекеттік қызметке қатысты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу