Басты Жаңалықтар Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ

Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ

Непалда тыныштық орнады. Тәртіпті сарбаздар қадағалап жүр. Көшелердегі қоқыс пен өртенген көліктер әлі тазартылып жатыр. Осы аптада елде үкіметтің әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы шешімінен кейін жастар жаппай шеруге шыққан еді. Наразылық акциясы тәртіпсіздіктерге ұласты. Соңғы мәліметтерге сай, полициямен қақтығыста қаза тапқандардың саны 51-ге жеткен. 1300-ден астам адам жараланды. Қоғамның талабымен премьер-министр қызметінен кетті. «Рейтердің» мәліметінше, бұрын Жоғарғы сотты басқарған Сушила Карки елдің жаңа уақытша үкімет басшысы болып тағайындалуы мүмкін. 


Бөлісу