Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті. Жиында редакция алқасы жалпы дауыс беру арқылы одан әрі баспаға дайындау үшін басылымның екінші томының қолжазбасын бекіту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар еңбектің үшінші томының мазмұнын талқылады. Авторлар ұжымның жетекшісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев басылымның тұжырымдамасы, мазмұны және құрылымы жайлы баяндап, үшінші том – «Алтын орда» бөлімінің ерекшеліктері мен жаңалығын атап өтті. Ал редакция алқасының мүшелері – елге танымал тарихшы-ғалымдар ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ әр томда қамтылатын тың деректер мен қызықты мәліметтер хақында сөз қозғады. Жиын соңында редакция алқасы үшінші томды жетілдіру жұмысын жалғастыру туралы және келесі отырыста «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның төртінші томын қарастыру жөнінде шешім қабылдады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
