Басты Жаңалықтар Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды

Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды

Жүрегінде ақауы бар шымкенттіктер басқа жаққа сабылмай-ақ, қаладағы арнайы орталықта мамандардың кеңесіне жүгіне алады. Күрделі ота жасатуға да мүмкіндік туады. Осы мақсатта бүгін Шымкентте «Кардиологиялық перспективалық зерттеулер» орталығы ашылды. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің кардиологтары өзара ғылыми тәжірибе алмасып, озық шешімдерді талқылады.

Шымкентте өткен   халықаралық кардиохирургтар конгресінде мамандар маңызды мәселелерді талқыға салды. Келелі басқосуға келген  отандық және алыс шетелден келген кардиологтар осы  саладағы соңғы жетістіктер мен озық тәжірибелерді сөз етті. Қазір еліміздегі Ұлттық ғылым академиясы жаңа институттарды ашып, ғылыми бағыттарды қайтадан қалыптастыру мен ашу үшін арнайы зерттеу орталықтарын ашуда.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:

Бұл ғылыми институтының негізгі мақсаты – аурудың алдын алу. Өйткені бұлар заманауи зерттеулерді трансфертпен шетелден алып келіп, осы жерде енгіземіз. Ал ең маңыздысы бұл жерде пәнаралық үлкен зерттеулер болады. Яғни, тек қана медицинаға байланысты емес, медицина, экология, урбанистика, психология, одан кейін цифрлық технологиялар біріктіріп, сондай үлкен зерттеулер болады. 

Сала мамандарының сөзінше, еліміздің оңтүстік өңірінде жүрегінде ақауы бар науқастар күн санап көбейген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,  жылына бұл көрсеткіш 5-тен 7 пайызға дейін өсіп отыр. Жүрек ауруға жастар да көп шалдығатын болған. Сондықтан арнайы орталық Шымкенттен ашылған. Орталықтың берген қортындысы негізінде  науқасқа тиісті ем тағайындалып, күрделі оталар жасалады.

Гүлмира Алипова, «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Үш науқасқа донорлық жүрек трансплантациясы жасалды. Сонымен қатар жүректің жасанды сол жақ қарыншасына LVAD қондырғысы орнатылды. Мұндай қондырғы кеше мастер-класс аясында орнатылып, бұл – қойылған 23-құрылғы болды. Осы үш жылдағы үлкен жетістігіміздің бірі деп санаймын. Бұдан бөлек, жүректің қолқасына инвазивті әдіспен ота жасалды.

Жиында жаңа орталықтың ашылуына бастамашы болған белгілі кардиохирург Юрий Пя мұндағы ерекшеліктерді атап өтті. Яғни, науқаста ауру белгілері пайда болмай тұрып, оны болдырмауға басымдық беріледі.


Бөлісу