Басты Жаңалықтар Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр

Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр

Ауғанстанда өткен айдың соңында болған алапат зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр. Олар азық-түлік пен дәрі-дәрмекке зәру. Мұны Халықаралық миграция ұйымы мәлімдеді. Дерекке сай, апаттан қираған аудандардағы 134 мың тұрғынды уақытша шатырларға орналастырып, шұғыл медициналық қызмет көрсету үшін 16,8 миллион доллар жәрдем қажет.

Ауғанстанда магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі тамыздың 31-де болды. Одан 2200 адам қаза тауып, 7 мыңдай үй қирап, жарты миллиондай халық зардап шеккен. Биылдың өзінде бұл мемлекетке Иран мен Пәкістаннан 1,7 миллион адам депортацияланды. Және де 800 мыңдай ауғандық ел ішінде босып жүр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, бұл адамдар да шұғыл көмекке мұқтаж.

Бөлісу