Ю.Путинцева Осака турнирінің екінші айналымына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ю.Путинцева Осака турнирінің екінші айналымына шықты

06.10.2014
Ю.Путинцева Осака турнирінің екінші айналымына шықты

Осака қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцева жапондық Риса Одзакимен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпарат

Ю.Путинцева 7:6, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Енді ол ширек финалға шығу үшін британиялық Хитер Уотсонмен күш сынасады.

Осы жарыста тағы бір қазақстандық Зарина Диас бірінші айналымда Қытайлық Тайбэй өкілі Чань Юн-Яньмен кортқа шығады.

Хабарламаларға жазылу