Зарина Диас Шэньчжэнь турнирінің екінші айналымына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас Шэньчжэнь турнирінің екінші айналымына шықты

04.01.2016
Зарина Диас Шэньчжэнь турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Зарина Дияс Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан теннистен халықаралық турнирді жеңіспен бастады.

Әлемнің 52-ші әрі Қазақстанның 1-ші ракеткасы З.Дияс бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 140-шы орында тұрған қытайлық Чжан Кайлиньмен кездесіп, 6:4, 7:6 есебімен ұтты.

Осы турнирдің 7-ші ракеткасы саналатын Зарина Диас енді келесі айналымда румыниялық Андреа Митуды 6:3, 6:3 есебімен жеңген чехиялық Катержина Синяковамен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, жүлде қоры 426 750 АҚШ доллары болатын Шэньчжэнь турнирінде тағы бір қазақстандық, әлемнің 67-ші ракеткасы Ярослава Шведова да бақ сынауда. Ол эстониялық Анетт Контавейтпен күш сынаспақ.

Хабарламаларға жазылу