«Australian Open-2016» Ю.Путинцева үшінші айналымда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Australian Open-2016» Ю.Путинцева үшінші айналымда

20.01.2016
«Australian Open-2016» Ю.Путинцева үшінші айналымда
Енді ол әлемнің 58-ші ракеткасы, 21 жастағы ресейлік Маргарита Гаспарянмен бақ сынайды.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралияның Мельбурн қаласында басталған үлкен дулыға санатындағы «Australian Open-2016» турнирінің үшінші айналымына шықты.

Жерлесіміз екінші айналымда 25 жасар қытайлық спортшы Синьюнь Хань кездесіп, бір жарым сағатқа созылған ойында 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте 76 сатыда орналасқан Юлия Путинцева, үшінші айналымда әлемнің 58-ші ракеткасы, 21 жастағы ресейлік Маргарита Гаспарянмен бақ сынайды.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу