Қазақстан Сербияға гуманитарлық көмек жеткізді
Өткен аптада Қазақстан Сербия Республикасына гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Сербия жазда болған су тасқынына байланысты көмек көрсетуге ресми сұраныс жіберген еді.
Қазақстан Үкіметі табиғи катаклизм зардабының салдарын қайта қалпына келтіру мақсатында шұғыл гуманитарлық көмек жіберуге шешім қабылдады.
Апатқа ұшыраған аймақтардың мұқтаждықтарына 42 дана суға арналған қойма, 1 мың төсек, 170 шатыр, 2,5 мың төсек-орын жабдық жиынтығы, 340 шәйнек – барлығын қосқанда 10 вагон гуманитарлық жүк Қазақстаннан Сербияға теміржол арқылы жеткізілді.
Сербия Республикасының СІМ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Горан Петрович Қазақстан халқына уақытылы көрсетілген қолғабысы үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте еңбек ардагерлері мен жұмысшы мамандар марапатталды
24.10.2025, 20:34
Абай облысында ел дамуына үлес қосқандар марапатталды
24.10.2025, 20:30
АҚШ пен Кариб аймағы елдері арасында шиеленіс күшейе түсті
24.10.2025, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
24.10.2025, 20:30
Медициналық туризм. Қазақстанның әлеуеті қандай?
24.10.2025, 20:30
Медицина қызметкерлері марапатталды
24.10.2025, 20:30
64 маман үздік педагог атанды
24.10.2025, 20:30
Ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
24.10.2025, 20:30