Шымкентте еңбек ардагерлері мен жұмысшы мамандар марапатталды
Шымкентте Республика күніне арналған мерекелік кеш өтті. Бұл дата – ел егемендігі мен тәуелсіздігін айқындаған тарихи күн. Ұлттық рух пен бірлікті дәріптеген салтанатты кеште қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Толығырақ өңірдегі тілші баяндайды.
Салтанатты кеште қала әкімі өңірде жүзеге асқан маңызды
жобалар мен айрықша жетістіктерге тоқталды. Оның айтуынша, бұл табыстар -
тәуелсіздік пен егемендіктің беріктігінің жемісі. Шаһар басшысы барлық
шымкенттікті Ұлттық мерекемен құттықтап, бірлік пен ынтымақты сақтауды ортақ
парыз деп атап өтті.
Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі:
Республика күні - әрбір азаматтың туған еліне деген сүйіспеншілігін, отан алдындағы жауапкершілігін сезінетін ерекше күн. Осы күні баршаңызды тағы да мейрамдарыңызбен құттықтай отырып, әр отбасыға амандық, саулық, мол бақыт тілеймін, бақ-береке тілеймін.
Мерекелік кеште ел дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен жас мамандар марапатқа ие болды. Олардың қатарында Әнипа Төртбаева да бар. Зейнеткер қаладағы қоқыс полигонның бірін жаптырып, 5 гектарға жуық жерге саябақ ашуға атсалысты. Бүгінде өзі қойған «Алатау» атауы бар саябақ жастардың серуендеп, қарттардың демалатын орнына айналды. Еңбегі еленіп, ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы орденімен марапатталды.
Әнипа Төртбаева, еңбек ардагері:
Қоқыс төгілген 30 жылдай сондай жер болатын. Осыны мен қолға алып, халықтың денсаулығына зиян келіп жатқанын бәрін тексертіп, көрсетіп, сонымен халықтың игілігіне парк жасаттым. Оған менің 5 жыл уақытым өтті. Оңайлықпен болған жоқ.
Республика күні – тәуелсіздігіміз бен ұлттық бірлігімізді ұлықтайтын күн.
Салтанатты шара азаматтардың қоғамға қосқан үлесін бағалауға арналған маңызды сәт болды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, эстрада жұлдыздарының қатысуымен көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы