Басты Жаңалықтар Медицина қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері марапатталды

Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті. Соңғы 25 жылда бұл көрсеткіш 10 жасқа ұлғайған. Бұл туралы Республика күніне орай өткен медицина қызметкерлерін марапаттау кешінде министр Ақмарал Әлназарова айтты. Сонымен бірге еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы бойынша Адам дамуы индексінде 193 елдің ішінде 60-орынға жоғарлағанын жеткізді. Ана мен бала өлімі де айтарлықтай азайған. Мерекелік шарада саланың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан бірқатар медицина қызметкері мемлекеттік және ведомстволық наградаға ие болды. Соның бірі – жасы тоқсанға таяған Мақаш Әлиақпаров. Елу жылдан бері еңбек етіп келе жатқан рентгенолог-дәрігерге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Мақаш Әлиақпаров, ҚР ДСМ Қарағанды медицина университетінің профессоры:

Бүгін бақытты күн деп есептеймін. Республика күнінде еңбегімді жоғары бағалап, үлкен атаққа ие болып отырмын. Бұл алып отырған атағым ол тек маған емес, өзім жұмыс істеп жүрген ұжымның арқасында. Шәкірттерім көп, мына залдың көбі келіп «мұғалім-мұғалім» деп, іздеп келіп жатқанына өте ризамын.


Бөлісу