Әлем жаңалықтарына шолу
АҚШ пен Қытай президенттері Оңтүстік Кореяда кездеседі
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин келесі аптада жүздесетінін
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт растады. Екі держава басшылары Бейжің
мен Вашингтон арасында сауда соғысы күшейген шақта келіссөз жүргізбек.
Трамп Батыс жағалауды аннексиялау жоспарына қарсы шықты
Израиль парламенті Батыс жағалауды еврей мемлекетінің
құрамына қосу туралы жобаны алдын-ала мақұлдады. Құжатты премьер-министр
Биньямин Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы да құптамаған.
Еуропа одағы Украинаны қаржылай қолдауға келісті
Екі жылға арналған келісім Брюссель саммитінен кейін
белгілі болды. Дегенмен аймақ мемлекеттерінің жетекшілері Ресейдің шетелдегі қаржысын
Украинаға көмекке жұмсау мәселесінде уағдаласа алған жоқ.
Ресей мен Беларусь спортшылары паралимпиада ойындарына қатыспайды
Себебі осы мәселемен айналысатын төрт органның үшеуі
бұрынғы тыйымды сақтау туралы шешім қабылдаған. Екі елдің командаларына шайбалы
хоккей ойнауға рұқсат етілгенімен, хоккейшілер Милан турниріне үлгере алмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы