Рухани келісім күні 17-ші қазанда аталып өтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани келісім күні 17-ші қазанда аталып өтіледі

13.09.2014
Рухани келісім күні 17-ші қазанда аталып өтіледі

Қазақстанда 17-ші қазанда Рухани келісім күні аталып өтіледі, дейді ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов.

«Біз бірқатар ірі шараны осы жылға жоспарладық,17-ші қазанда 12 мемлекеттің қатысуымен Рухани келісім күні аталып өтіледі. Бұл бүгінде өз қатысушылығын растаған елдер. Атап айтсақ, Дүниежүзілік халықаралық форум өз жұмысын Рухани келісім күні өткізеді. Аталмыш форум бізде Төлеген Мұхамеджановтың қатысуымен 1992 жылдан бастап өткізіліп келеді», - деді Е. Тоғжанов.

Айта кетейік, келер жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Бұл шешім Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша бекітілді. Мереке күні елде бірқатар мәдени және мерекелік шара өтеді.

strategy2050.kz

 

Хабарламаларға жазылу