Қазақстандық теннисші Зарина Диас 28-ші шілде мен 3-ші тамыз аралығында Вашингтонда өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зарина Диас биылғы Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шығып, сәтті өнер көрсетіп, әлемдік рейтингте 53-орынға дейін көтерілген болатын.
АҚШ-та өтетін теннис турнирінің жүлде қоры 250 мың доллар құрайды. Турнирге Люси Шафаржова, Екатерина Макарова, Ализе Корне, Слоан Стивенс, Светлана Кузнецова сынды атақты теннисшілер қатысады.
Бұл турнир 25-ші тамыз бен 8-ші қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтетін АҚШ-тың ашық чемпионатына дайындық болмақ.