Зарина Диас Әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас Әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды

23.03.2015
Зарина Диас Әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды

Бүгін халықаралық теннис қауымдастығы ерлер және әйелдер арасындағы рейтингін жаңартты. Жаңа рейтингте Зарина Диас 32-орнын сақтап қалды.

Өткен аптада Зарина ВNP Paribas Open турнирінің үшінші айналымында Әлемнің бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямстан екі сетте 6:2, 6:0 есебімен ұтылып қалған. Енді, Зарина Диас Miami Open турнирінде бақ сынайды.

Ал, Ярослава Шведова 14 саты төмен сырғып, 74-орыннан көрінді. Юлия Путинцева 6-орын жоғарылап 101-орынға жайғасты.

Ерлер арасындағы рейтингте Михаил Кукушкин 827 ұпаймен 57-орынға төмендеді. Андрей Голубев 92-орыннан 89-орынға, Александр Недовесов 118-орынын сақтап қалды. 

Хабарламаларға жазылу