Америкалық БАҚ: Головкин Гилді 7-ші раундта тоқтатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық БАҚ: Головкин Гилді 7-ші раундта тоқтатады

22.07.2014
Америкалық БАҚ: Головкин Гилді 7-ші раундта тоқтатады

Америкалық «Bleacher Report» басылымының болжамынша WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин австралиялық Дэниэл Гилді 12 раундқа жеткізбей ұтады. Жекпе-жек 7-ші раундта аяқталады.

Осыған дейін Головкиннің өзі де Гилмен болатын жекпе-жек 12 раундқа созылмайтынын айтқан. Айта кетейік, 2008 жылдан бері Геннадийдің бір де бір қарсыласы жекпе-жектің соңына дейін жұдырықтаса алмаған. 29 жекпе-жектің 26-ын нокаутпен жеңген.  

Бұл - Геннадий Головкин үшін кәсіпқой бокстағы 30-шы жекпе-жек. Қазақстандық боксшы WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын осымен 11-ші рет қорғамақ.

Бұл жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу