Головкин – Гил шілде айының ең үздік жекпе-жегі саналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин – Гил шілде айының ең үздік жекпе-жегі саналды

01.08.2014
Головкин – Гил  шілде айының ең үздік жекпе-жегі саналды

WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жек шілде айындағы  жеті үздік кездесудің қатарына еніп отыр. Бұл туралы «Чемпионат» сайты хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутқа жіберді. Ол WBA тұжырымында орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын 11-ші рет және IBO тұжырмындағы атағын 8-ші рет қорғап қалды.

Жекпе-жек аяқталған соң Головкин жақын арада келесі қарсыластары ретінде  пуэрторикандық Мигель Котто және мексикалық кіші Хулио Сезармен кездесуді қалайтынын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу