Геннадий Головкин әлемнің үздік бес боксшысының қатарына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин әлемнің үздік бес боксшысының қатарына енді

17.09.2014
Геннадий Головкин әлемнің үздік бес боксшысының қатарына енді

Америкалық Bleacher Report спорт сайты 2014 жылғы үздік боксшылар атағына үміткерлердің рейтингін жаңартты.

Bleacher Report сайтының нәтижесі бойынша Геннадий Головкин бұрынғыша алғашқы бестіктегі орнын сақтап қалған.

Биыл орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы  бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ганалық Осуману Адамамен (1 ақпан, Монте-Карло, Монако) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болса, австралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутпен жеңген (27 шілде, Нью-Йорк, АҚШ). Үшінші жекпе-жегін 18-ші қазанда Лос-Анджелесте WBC нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен өткізеді.

Bleacher Report нұсқасы бойынша «Жыл боксшы» атағына үміткерлер тізімі:

1. Мигель Котто (Пуэрто-Рико).

2. Флойд Мейвезер (АҚШ).

3. Сауль Альварес (Мексика).

4. . Теренс Кроуфорд (АҚШ).

5. Геннадий Головкин (Қазақстан).

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу