Аптап ыстық салдарынан Жапонияда 270-ке жуық адам зардап шекті

Жапониядағы аптап ыстықтан бір адам көз жұмып, 270-ке жуық адам ауруханаға жатқызылды.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, соңғы күндері Жапония аумағының басым бөлігінде ыстық ауа райы тіркеліп отыр.
Атап айтқанда, Гунма префектурасының Татэбаси қаласында термометр бағаны 36,3 градусқа көтерілді. Ал Киото, Окаяма, Фукусима префектураларында, сондай-ақ токиолық аумақта ауа температурасы сенбіде 33-34 градусқа жетті.
Қатты ыстықтан 42 префектурада ауруханаға түскен адамдар саны 268-ге жеткен екен. Сонымен қатар аптап ыстықты көтере алмай 92 жастағы қарт көз жұмған.
Осы орайда Жапония метеорологиялық агенттігі далада ауыр жұмыстар істеуден және спортпен айналысудан тартыну керектігі туралы адамдарға ескерту жасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47