Астанадағы 21 көшенің атауы өзгереді
|
Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында қала көшелерін қайта атау мәселелері қаралды.
Оған ономастикалық комиссия мүшелері, қалалық басқармалардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Қала тұрғындары ономастикалық комиссияның қарауына көшелерді қайта атау туралы өтініштерді жиі жолдайды. Қазіргі уақытта 23 өтініш келіп түскен. Ономастикалық комиссия азаматтардың ұсыныстарын қарап шығып, Елорданың 21 көшесін қайта атау және екі көшені біріктіру туралы шешім қабылдады», - деді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов.
Отырыста белгілі бір мекен жайды іздеуде қиыншылық туындамас үшін азаматтарды көшелердің өзгергені туралы уақытылы хабардар ету мәселесі де қаралды.
Айта кетейік, Тілдерді дамыту басқармасына келіп түскен барлық өтініштер ҚР Парламентінің және қалалық мәслихат депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, елордалық ЖОО және ҚР ұлттық мұрағатының өкілдері енген ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады. Содан кейін қалалық мәслихаттың қарауына жолданады.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үздік сантехник Оралда тұрады
05.11.2025, 13:18
Түркістан облысының Абай ауылында жаңа мектеп ашылды
05.11.2025, 13:15
Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа кірген
05.11.2025, 13:12
Нью-Йорк қаласының мэрі болып 34 жастағы азамат сайланды
05.11.2025, 13:09
Филиппиндегі тайфуннан 66 адам қаза тапты
05.11.2025, 13:06
Қызылжарда екі күнде 130 адам жарақаттанған
05.11.2025, 13:03
Astana Media Week 2025 апталығы басталды
05.11.2025, 13:00
Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды
05.11.2025, 10:29