Филиппиндегі тайфуннан 66 адам қаза тапты
Филиппин аралдарында «Калмаеги» тайфунынан 66 адам қаза тапты. Олардың арасында гуманитарлық миссиямен ұшқан тікұшақтың алты экипаж мүшесі бар. Дүлей дауылдан 200 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қаза тапқандардың көбі Себу провинциясының тұрғындары. Аралдың көптеген қалашығы су астында қалған. Көліктер, жүк контейнерлерін су шайды. Тұрғындар тасқыннан қорғану үшін үй шатырларына шығуға мәжбүр болды. «Калмаеги» кезінде жел екпіні сағатына 165 шақырымға жеткен. Тайфун өзге бір дауылдан зардап шеккен Вьетнамға қарай ойысып барады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үздік сантехник Оралда тұрады
05.11.2025, 13:18
Түркістан облысының Абай ауылында жаңа мектеп ашылды
05.11.2025, 13:15
Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа кірген
05.11.2025, 13:12
Нью-Йорк қаласының мэрі болып 34 жастағы азамат сайланды
05.11.2025, 13:09
Қызылжарда екі-ақ күнде 130 адам жарақаттанған
05.11.2025, 13:03
Astana Media Week 2025 апталығы басталды
05.11.2025, 13:00
Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды
05.11.2025, 10:29
Ыстанбұлда «Ұлы даланың рухы» атты сурет көрмесі ашылды
05.11.2025, 10:26