Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа кірген
Биыл Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа орналасты. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен еңбек жәрмеңкелерінде 14 мың тұрғын екі қолға бір күрек тапқан.
Облыста 13 мансап орталығы жұмыс істеп тұр. Жастар тәжірибесі, «Күміс жас», «Ұрпақтар келісім шарты», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары сәтті жүзеге асып жатыр. Қайтарымсыз грант алғандардың да саны артқан. Мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Қысқа мерзімді кәсіби оқытудан 540 адам өтті. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Әсіресе жұмысшы мамандықтарға сұраныс артқан.
Айсұлтан Аманкелдіұлы, еңбек мобильділігі орталығының маманы:
Осы жұмысшы мамандығын қолға алып, мысалы сварчик және басқа да жұмысшы мамандықтар көп. Солардың барлығына дипломына қарай, сертификатына қарай жолдама беріп жатырмыз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үздік сантехник Оралда тұрады
05.11.2025, 13:18
Түркістан облысының Абай ауылында жаңа мектеп ашылды
05.11.2025, 13:15
Нью-Йорк қаласының мэрі болып 34 жастағы азамат сайланды
05.11.2025, 13:09
Филиппиндегі тайфуннан 66 адам қаза тапты
05.11.2025, 13:06
Қызылжарда екі-ақ күнде 130 адам жарақаттанған
05.11.2025, 13:03
Astana Media Week 2025 апталығы басталды
05.11.2025, 13:00
Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды
05.11.2025, 10:29
Ыстанбұлда «Ұлы даланың рухы» атты сурет көрмесі ашылды
05.11.2025, 10:26