Басты Жаңалықтар Үздік сантехник Оралда тұрады

Үздік сантехник Оралда тұрады

Оралда 20 жылдан бері коммуналдық салада еңбек етіп келе жатқан адал еңбек иесі Бейбіт Мұханбетов тұрады. Озат маман тұрғын үйлерге жылу мен судың уақытылы берілуін қадағалайды. Құбыр жарылса да, кішігірім апат болса да, құрал-сайманын алып, шақырған жерге дер кезінде жетеді. Қалаға жылу берілгелі, олардың жұмысында қарбалас кезең басталды. Өз ісінің шебері өзгелердің еңбегіне құрметпен қарағанын қалайды.

Бейбіт Мұханбетов, коммуналдық сала қызметкері:

Сантехник мамандығы қатты елене бермегенімен, біз халыққа қызмет етеміз. Жертөледегі инженерлік желілердің жағдайын қарап, күнделікті жұмысымызды атқарамыз. Адамдарға көмек көрсетеміз. Еңбегіңді адалынан істеу керек. Адал істесең, адамдар да түсіне бастайды. Дұрыс көзқараспен қарай бастайды.

Бейбіт Мұханбетовтың еңбек өтілімен қатар, отбасын құрғандарына да биыл 20 жыл болыпты. Екі ұлы бар. Жары мұғалім. Былтыр «Жыл үздігі» байқауында «Үздік сантехник» аталымын жеңіп алған. Жұмысы тиянақты, мамандығына адал қызметкер ортасына, ұжымына да сыйлы.

Айғаным Утеляева, пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

Жұмыстың ыңғайын табады. Жылдам, сапалы істейді. Қасындағы кісілер өте риза оның жұмысына. Мен де басшысы ретінде ризамын. Өйткені, Бейбіт барған жерде 100% жұмыс істеліп келеді. Биыл проблемный үйлер болды, соның бәрін ойлап-қарап, ретін келтірді.


Бөлісу