Челябі метеоритінің шамамен 10 миллион жыл бұрын басқа аспан денесімен соқтығысуы - оның жерге құлауына себеп болған. Осындай шешімді РҒА-ның Сібір бөлімі мен Новосибирск мемлекеттік университетінің ғалымдары мен Жапониядан келген әріптесімен бірге жасаған. Бұл туралы ҚазАқпарат rosbalt.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеушілер метеорит фрагменттерінен аспан денелерінің құрамында сирек кездесетін жадеит минералын тапқан. Ол планеталарда аса жоғары қысым мен температурада қалыптасады, ал оның ұсақ фрагменттері аса жоғары жылдамдықпен ұшып келе жатқан аспан денелерінің соғылуынан қалыптасуы мүмкін.
Айта кетейік, метеорит Челябіге 2013 жылдың 15 ақпанында секундына 20 шақырым жылдамдықпен құлады. Аспан денесінің диаметрі - 17 м, ал массасы 10 мың тоннаға жуық.