Қызылордалық 6 азаматтың коронавирусты қайдан жұқтырғаны мәлім болды

01.04.2020
Қызылордалық 6 азаматтың коронавирусты қайдан жұқтырғаны мәлім болды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам тіркелді. Қазір облыста 24 адамнан коронавирус анықталды.

Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. 

«Соңғы есеп бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар 24 адамды құрайды. Бүгінгі тіркелген науқастардың екеуі – Қармақшыдан шықса, екеуі Жаңақорғанда, біреуі – Шиелі ауданында анықталды. Сондай-ақ, бір адам облыс орталығынан тіркелді. Қармақшыдағы бір науқас Алматы қаласынан келгені белгілі болып отыр. Екінші науқастың қайдан жұқтырғаны зерттелуде. Ал Жаңақорған ауданындағы екі адам да инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Шиелі ауданындағы науқастың да жағдайы соған ұқсас, бұрын ауырған науқаспен тығыз байланыста болған. Ал, Қызылорда қаласында анықталған адам облыста ең бірінші анықталған науқаспен қарым-қатынаста, тығыз байланыста болған», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Хабарламаларға жазылу