Қайрат Сатыбалды кінәсін толық мойындап, 12 млрд теңгені қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалды кінәсін толық мойындап, 12 млрд теңгені қайтарды

20.09.2022

Қайрат Сатыбалды кінәсін толық мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрайды. Бұл туралы Астанада өткен сотта айыпталушының адвокаты мәлімдеді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Қайрат Сатыбалды сыбайластырмен бірге Қазақтелеком компаниясына 12 млрд теңге шығын келтірген. Сотта Қайрат Сатыбалдының шығынды өтеп, Қазақтелеком және Көліктік сервис орталығы акционерлік қоғамдарымен медиативтік келісімге келгені белгілі болды. Келесі сот отырысы 21 қыркүйекте болады. 

Хабарламаларға жазылу