ШҚО-да сібір жарасының қайдан шыққаны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да сібір жарасының қайдан шыққаны белгілі болды

24.09.2018

Шығыс Қазақстанның Қатон-Қарағай ауданында сібір жарасының қайдан шыққаны белгілі болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Кіші Нарын аулының тұрғыны қауіпті дерттен көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. 1972 жылы ауылдан 5 шақырым қашықтықта сібір жарасымен ауырған мал көмілген. 2014-2015 жылдары қорым қоршалып, арнайы белгілер қойылған. Алайда, көктемгі су тасқынының салдарынан қауіпті аурудың бактериялары жер бетіне шығып қалған. Бұл туралы арнайы өткен брифингте мәлім болды. Облыс басшыларының хабарлауынша, қазір өңірдегі эпизоотикалық жағдай тұрақты. Аудан әкімі шешімімен аудандағы екі ауылдық округтің аумағында карантин жарияланды.

Асқар Жакупбаев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Биылғы жылы су тасқыны мен жазда көп жаңбыр жауды, салдарынан жер астында судың көтерілуіне байланысты шөппен бірге сібір жарасының бактериялары жер бетіне көтерілуі мүмкін.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу