Хромтау ауданының тұрғыны артиллериялық снаряд тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хромтау ауданының тұрғыны артиллериялық снаряд тауып алды

25.08.2021

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғыны Тассай ауылы маңынан артиллериялық снаряд тауып алды.

Ол жарылғыш затты өзінің үйінің ауласына сүйреп апарған. Яғни, оның қаншалықты қауіпті екенін білмеген. Полиция қызметкерлері снарядты тәркілеп,жойды. Қазір бұл дерек бойынша «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз өткізу, сақтау,тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша тергеу жүргізілуде.Сондай-ақ, жарылғыш заттың ауылға қашан, қайдан келгені де анықталып жатыр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу