Алматыдағы веложарысқа 2500 адам қатысты

Бүгін, 24 мамырда Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған велосипед жарысы өтті. Шараға қала тұрғындары, ЖОО оқытушылары мен студенттер, сондай-ақ велоқауымдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жарыста 2500 адам бағын сынады. Турнир «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплинінен басталып, ҚазҰУ стадионында аяқталды. Осы жерде қала әкімі Ахметжан Есімов ЖОО мерейтойына құттықтау тілегін жолдады.
Қала әкімі Алматыда орналасқан ЖОО-ның жалпы саны 50-ден асатынына, Қазақстанда әрбір үшінші студент Алматыда білім алатынына тоқталды.
Мәлім болғанындай, жақында университет аумағында велосипедке арналған жол құрлысын бастау жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24