БҚО-да Кубаньнан әкелінген күнбағыс егілуде
Бейне қолжетімді емес
Биыл Батыс Қазақстан облысында 400 мың гектардай алқапқа дәнді дақылдар егілуі тиіс.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбековтің айтуынша, қазіргі таңда көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жанар-жағармай, тұқым мәселесі де шешілген.
Жалпы, өңірде құрғақшылыққа төзімді, өтімділігі жоғары майлы дақылдар егуге барынша мән беріліп келеді. Биыл оның көлемі 40 мың гектардай алқапты алатын болса, оның 27 мың гектардайына күнбағыс егілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстағы іргелі шаруашылықтардың бірі - Зеленов ауданындағы «Матевосян» шаруа қожалығы кубаньдық әріптестерімен бірлесіп, 250 гектар алқапқа күнбағыс егуді қолға алды.
Күнбағыс ғылыми негізделген технологиямен, француздық сеялкалармен, «Беларусь» тракторымен егілуде. Олар күнбағыстың кондитерлік сортын өсіріп көрмек.
Күнбағыс ғылыми негізделген технологиямен, француздық сеялкалармен, «Беларусь» тракторымен егілуде. Олар күнбағыстың кондитерлік сортын өсіріп көрмек.
Айта кетейік, Кубаньда аталмыш күнбағыс сортының әр гектарынан 27 центнерден өнім алынатын болса, мұнда 10-15 центнерден айналдыруды көздеп отыр. Жалпы, «Матевосян» шаруа қожалығының 9 мың гектар егістігі болса, соның 6,5 мың гектардайы күздік бидайға арналған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас үш қаланың қатарына кірді
04.09.2025, 20:41

Жетісуда 4 пилоттық жоба жүзеге асады
04.09.2025, 20:39
Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан
04.09.2025, 20:36
Қостанай облысында 18 елді мекен суға субсидия күтіп отыр
04.09.2025, 20:34
Сыр диқандары күрішке орақ салды
04.09.2025, 20:29
Жолдаудың орындалуы: «AMANAT» партиясы Премьер-министрдің ақпаратын тыңдады
04.09.2025, 20:25
Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж
04.09.2025, 20:10
Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті
04.09.2025, 20:09
Banner