Қатар футболдан Әлем Чемпионатын өткізуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар футболдан Әлем Чемпионатын өткізуге дайын

03.11.2022

Қатар футболдан Әлем Чемпионатын өткізуге дайын. Бір ай өтетін халықаралық жарыс - әлемдегі ең маңызды спорттық шаралардың бірі. Қатардың жауапты өкілдері Әлем біріншілігін өткізу үшін барлық инфрақұрылым нысаны әзір деп мәлімдеді.

Футбол матчтары өтетін 8 стадионның жетеуі арнайы осы біріншілік үшін жаңадан салынса, біреуі толық жөндеуден өткен. Олардың айналасына 15 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды. Қауіпсіздік мақсатында барлық стадиондағы жағдайды шынайы уақыт режимінде бақылау үшін бірыңғай цифрлық басқару орталығы құрылған.

Сонымен бірге мұнда автомагистральдарға, жеңіл рельсті транспорт пен метроларға негізделген көлік жүйесі құрылды. Ел астанасы Дохадағы халықаралық әуежай кеңейтілді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, әлемдік турнирді тамашалау үшін елге 1 млн 200 мыңдай жанкүйер келуі мүмкін.

«Рейтер»-дің дерегінше, Қатар футболдан Әлем Чемпионатына шамаман 300 млрд доллар жұмсаған.    

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу