«KAZsport» телеарнасына - 1 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» телеарнасына - 1 жыл

01.07.2014
«KAZsport» телеарнасына - 1 жыл

Осыдан тура 1 жыл бұрын, 2013 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан»РТРК»АҚ жанынан елімізде тәулігіне 21 сағат бойы хабар тарататын тұңғыш спорттық  «KAZsport» телеарнасы жұмыс істей бастады.

Телеарна Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылды.

Бір жыл ішінде телеарна көрермендері тікелей эфирден 2000-ға жуық спорттық трансляцияларды тамашалады. Шетелдің барлық спорттық шараларында телеарнаның түсірілім топтары жұмыс істеді.

12 ай ішінде «KAZsport» аты аңызға айналған спорт майталмандары мен  командалар туралы 36 деректі фильм түсірді.

«Қайдасыңдар, чемпиондар?» циклы бағдарламасы шеңберінде 87 бағдарлама түсіріліп, эфирге берілді.

Мұның барлығы күн сайын эфирге шығатын жаңалықтармен және арнайы репортаждармен толықтырылып отырды.

Үстіміздегі телемаусымда телеарна футболдан ағылшын Премьер-Лигасын, жазғы Азия ойындарын, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарын, Алматыда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын көрсетуді жоспарлап отыр.

«KAZsport» сонымен қатар, әлемдік тәжірибені де енгізуде. Отандық телеарна комментаторлары Бразилиядағы футболдан Әлем чемпионаты өтіп жатқан стадиондардан  тікелей хабар таратуда. Аталмыш тәжірибе келешекте де жалғасын табады.

 

Хабарламаларға жазылу