ӘЧ-2014: Германия командасы жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘЧ-2014: Германия командасы жеңіске жетті

14.07.2014
ӘЧ-2014: Германия командасы жеңіске жетті

Биылғы жылғы футболдан Әлем чемпионатының соңғы матчында Германия құрама командасы Аргентина ойыншыларын 1:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.

«Маракана» алаңында өткен ойынның екі таймында қос команда 0:0 есебімен келіп, Германия құрамасы қосымша уақытта  жеңіске жетті. Осылайша, неміс футболшылары Әлемдік Кубокты 4-ші мәрте иеленіп отыр.

Биылғы чемпионатта үздік өнер көрсеткен футболшылар анықталды. Ең басты «Алтын доп» жүлдесі аргентиналық Лионель Мессиге табысталды.

Айта кетсек, футболдан кезекті Әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өтеді. Осы «Маракана» стадионында ойындарды өткізу эстафетасы Ресей президенті Владимир Путинге табысталды. 

Әлемдік матчтардың аяқталуы  отшашулармен атап өтілді.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу