Берлускони қарттар үйінде жұмыс істей бастады

Италиялық зейнеткерлердің жағдайымен енді елдің бұрынғы үкімет басшысы Сильвио Берлускониайналыса бастады. Бүгін танертең ол Милан маңындағы қарттар үйіне келді.
Сот оны қаржылық құйтырқылықтары үшін қоғамдық жұмыстармен айналысуға міндеттеген. Осылайша, ол 10 ай бойы Альцгеймер дертіне шалдыққан қарттарға көмектесетін болады.
Италияның Жоғарғы соты 1 тамыз күні Берлускониді өзі басшылық ететін Mediaset тобының қаржылық қылмыстары үшін 4 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ, кейін бұл жаза қоғамдық жұмыстармен ауыстырылды.
Саясаткер Чезано Босконе қаласында орналасқан «Әулие отбасы» атты қордың қоғамдық жұмыстарына жіберілген. Қарттар үйінің басшылығы саясаткерге бұл қызметін жарнамалық немесе саяси мақсатта қолдануға тыйым салынатынын ескерткен.
Алайда, оған қарамастан, қалаға көптеген фотографтар мен телеоператорлар жіберілген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03