«Барыс» ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті

13.03.2014
«Барыс» ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынының екiншi раундына шықты.

Екатеринбург қаласында «Барыс» пен «Автомобилист» арасында өткен төртiншi матч 2:1 есебiмен қазақстандық клубтың пайдасына шешiлдi. Осылайша қатарынан төрт рет қарсыласын тiзе бүктiрген Ари-Пекка Селин шәкiрттерi ҚХЛ плей-офф сынының екiншi раундына өз тарихында алғаш рет өтiп отыр.

Гагарин Кубогiнiң екiншi раундында «Барыс» хоккейшiлерi «Ақ Барс» пен «Сiбiр» арасындағы тайталастың жеңiмпазымен кездеседi. Екеуара бәсекеде есеп - 2:2.

Хабарламаларға жазылу