Досжан Қартықов грек-рим күресінен Рио Олимпиадасына жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Досжан Қартықов грек-рим күресінен Рио Олимпиадасына жолдама алды

08.09.2015
Досжан Қартықов грек-рим күресінен Рио Олимпиадасына жолдама алды

Ол іріктеу кезеңінде украиналық Дмитрий Пышковты (4:2), молдовиялық Игорь Бислягты (6:0) жеңді. Онан соң Досжан оңтүстіккореялық Әлем және Олимпиада чемпионы Хенву Кимді (4:2) ұтып, ¼ финалына шықты. Ал, ширек финалда Олимпиада чемпионы ресейлік палуан Роман Власовтан ұтылып қалды.

Жұбаныш белдесуде Досжан армениялық Әлем чемпионы Арсен Джулфалакянды ұтты. Қола медаль үшін өтен белдесуде Досжан Қартықов әзірбайжандық палуан Эльвин Мурсалиевты ұтып, Әлем чемпионатының қола медалін және Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу