Қазақ балуаны сенсация жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ балуаны сенсация жасады

24.10.2023

Қазақ балуаны сенсация жасады. Еркін күрестен Асылжан Есенгелді Албанияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты. 61 келі салмақтың жартылай финалында Асылжан қырғызстандық Тайырбек Жумашбекұлын жеңді.

Жерлесіміз бірінші белдесуінде жапониялықтан басым түссе, ал ширек финалда үндістандық Акаш Дахияны жықты. Ертең өтетін финалда отандасымыз ресейлік Башир Магомедовпен белдеседі. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу