Марокко құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марокко құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты

07.12.2022

Марокко құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Испаниямен иық тіресе өнер көрсеткен африкалық ұжым, пенальти сериясында сәтті ойнап жеңіске қол жеткізді.

Яссин Буну бұл матчта Марокко құрамасының қаһарманы атанды. Тіпті әлем чемпионатының пенальтилер сериясында гол өткізбеген екінші қақпашы ретінде тарихқа енді. Сұрмерген Сарабия мен Солердің, әйгілі Бускетстің тепкен бағытын дәл байқаған Яссин Буну - матчтың үздік ойыншысы атанды. Африкалық ұжым бұған дейін Бельгия мен Канаданы жеңіп, өз тобынан бірінші орынмен шыққан еді. Енді Марокко командасын ширек финалда Португалия құрамасы күтеді.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу