Әлихан Бөкейханның шығармашылығына арналған республикалық конференция өтеді

Биыл - қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, ұлт көсемі, публицист, энциклопедист-ғалым Әлихан Бөкейханның 148 жылдығы. Осыған орай, 6 наурыз күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Әлихан Бөкейхан. Марксизм қағидасынан ұлттық «Алаш» идеясына дейінгі эволюциялық жол» атты республикалық конференция өтеді.
Әлихан Бөкейхан - ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы ретінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінде өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.
Ол - қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым - ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы.
1906 жылы Омбыдан шыққан кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
1911-1914 жылдары «Қазақ» газетінің ашылуы мен оның жалпыұлттық деңгейге көтерілуіне зор үлес қосты.Ұлт зиялысының мерейтойына арналған шара барысында «Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 9 томдық жинағы - Собрание сочинений в 9 томах» жинағының тұсаукесері өтпек.
Конференция жұмысына тарихшы-ғалымдар, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысады.
Іс-шара «Бабалар қорымында» дамыл тапқан көрнекті мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлы мен Кенесары хан сарбаздарының рухына зиярат етуден басталады.
Конференциядан кейін Әлихан Бөкейханның рухына арналып ас беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03