Бүгіннен бастап, елімізде жанар-жағармай бағасы өзгерді.
Бұл туралы арнайы брифингте Энергетика министрлігінің департамент директоры Қуандық Құлмұрзин мәлімдеді.
Атап айтсақ, халық көп тұтынатын АИ-92 бензинінің құны 9 теңгеге өсті. АИ-80 және дизель отынының бағасы өзгеріссіз қалды.
Энергетика министрлiгiнiң жанар-жағармай құнын өзгерту туралы бұйрығы жанармай құю бекеттерінің кешкі ауысымы жұмысқа кіріскен сәттен бастап күшіне енді.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ